Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

РИМДЕГІ СЕНСАЦИЯ

РИМДЕГІ СЕНСАЦИЯ!

«Барселона» футбол клубы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыға алмай қалды. Иә, бұл нәтижені ешкім күтпеді. Тіпті, көрермендердің өзі Римдегі ойынды қоя тұрып, қатар өткен кездесуге үңілгені анық. Бірақ, «Рома» өз алаңында «Барселонаны» 3:0 есебімен ұтып сенсация жасады.  Бірінші ойында 4:1 есебімен жеңіске жеткен «каталондықтар» Римдегі ойында шабуылдауға асыққан да жоқ. Есесіне қарымта кездесуде «италиялық» команда қол қусырып қалған жоқ. Керісінше, шабуылда жүрді. Сондай жүйелі шабуылының арқасында Эдин Джеко гол соғып, ойынның 6 минутында алаң иелерін есепте алға шығарды. Осыдан кейін де италиялықтар шабуылдарын үдетіп, соққыларын қарша боратты. Ойынның 58 минутында Даниэле Де Росси 11 метрлік айып соққысын сәтті орындап, есепті еселей түсті. Ал, 83 минутта Манолас бұрыштамадан асырған допқа бірінші жетіп, өз командасын жартылай финалға алып шықты.

 

«Ливерпуль» жартылай финалда

 

«Манчестер Сити» өз алаңында «Ливерпульға» 1:2 есебімен жол берді. Ойынның 2 минутында Габриэль Жезус гол соғып, алаң иелеріне қуаныш сыйлағанымен, 56 минутта Мохаммед Салах, 77 минутта Роберто Фирмино соққан доп  алаң иелерінің қуанышын су сепкендей басты. Осылайша, қос ойынның қорытындысы «Ливерпульдің» пайдасында 5:1.

 

Сәйкес жаңалықтар

ХОККЕЙДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2018 ЖЫЛЫ ЕЛІМІЗДЕ ӨТУІ МҮМКІН

Ришат

«АСТАНА » ЧЕМПИОН!

bairakkz

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕ ҚЫЗДАРДЫ ҚОССА

bairakkz

Пікір жазу