Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұқан 24 жасқа дейінгілер арасында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ол 97 келіге дейінгі салмақ дәржесінде топ жарды. Отандасымыз финалда Иран балуаны Махди Морафаны жеңді.
Ризабек жартылай финалда ресейлік Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен еді.
Айтмұқан Тиранадағы әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрінген жалғыз қазақстандық болып отыр.
Отандасымыз былтыр ересектер арасында (92 келі) әлем чемпионы болған. Ал биыл 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Енді міне 23 жасқа дейінгі балуандар арасында да қарсылас шыдатпады. Ризабек еркін күрестен 3 санат бойынша ( ересектер, U20, U23)әлем біріншілігінде топ жарған алғашқы қазақстандық балуан.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.