Түлектер кешінде ән айтып, вальс билеген әнші Нұрболат Абдуллин халықтың сынына ұшырап, айыппұл төледі, деп хабарлайды bairak.kz.
Әнші сахна мәдениетін бұзып, жас қыздармен алма-кезек билеген.
Соңғы видеоға штраф келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр, — деп жазған әнші банк қосымшасынан 300 мың теңге жібергені туралы түбіртектің суретін жариялады.
Айта кетейік, танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің 5 жылдық түлектер кездесуінде сахнада ән айтып, бір емес, бірнеше қызды вальске шақырған видеосы желіде біраз талқыға түскен болатын.