Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Самбодан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 2-орын иеленді

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен спорттық, жауынгерлік самбо және самбодан зағиптар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Соңғы күні қазақстандық спортшылар бір алтын, үш күміс және екі қола жеңіп алды.

  • Алтын — Нұрила Асанқызы (жауынгерлік самбо, +80 кг);
  • Күміс — Талғат Жиентаев (жауынгерлік самбо, +98 кг);
  • Күміс — Бақытжан Дүйсембеков (жауынгерлік самбо, 79 кг);
  • Күміс — Серікбай Негмет (спорттық самбо, 71 кг);
  • Қола — Қымбат Ахмет (жауынгерлік самбо, 50 кг);
  • Қола — Асқар Қайыров (зағиптарға арналған санат, 98 кг).

Жалпы қорытынды есепте медаль саны бойынша Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.

  • 1-орын. Бейтарап ел (FIAS-1) — 16 алтын, бес күміс, бес қола
  • 2-орын. Қазақстан — үш алтын, бес күміс, тоғыз қола
  • 3-орын. Бейтарап ел (FIAS-2) — үш алтын, екі күміс, төрт қола

Бұған дейін біздің спортшылар 2014 жылы Жапонияда өткен әлем чемпионатында жалпы есепте осындай жоғары екінші орынға ие болған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Сәйкес жаңалықтар

Әлемдік рейтингке енген қазақстандық жеңіл атлеттер

Ришат

Жәнібек Әлімханұлы денсаулығы туралы айтты

bairakkz

Канадалық шабуылшы биыл «Барыс» сапында ойнайды

bairakkz