Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Сарқан ауданында Ұлы Отан соғысының ардагері ең бірінші болып дауыс берді

Бүгін, тарихи күн. Елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттар депуттатарының сайлауы басталды. Солардың қатарында, Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылының тумасы 98 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы №365 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берген сайлаушы болды.

Ақсақал еліміздің жаңа дәуірге қадам басып, шалғай жатқан ауыл халқының үніне құлақ асатын жанашыр депутаттар сайлауда жеңіске жететіндігіне сенім білдіріп, ақбатамен жалғады.

«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалсада ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін, сайлауға әр азаматтың баруы міндетті». — деді Берлібек ата.

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысының ардагері Берлібек Ысқақұлы осымен жетінші рет парламент сайлауына қатысты.

#ЕлҮшінТаңдау

#ӨзКандидатыңдыТаңда

#Сайлауғабарамын

#ЖетісуСайлау

Сәйкес жаңалықтар

ШҚО-да көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болды

bairakkz

Жапонияның жаңа премьер-министрі сайланды

bairakkz

Эльмира Сыздықова Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды

Ришат