Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

Семейде оқушыны аяусыз соққыға жыққан жасөспірмідерге қатысты сот ісі жабық режимде өтті, деп хабарлайды bairak.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алтыншы сынып оқушысын соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты шешім шығарды.

Кәмелетке толмаған екі бала жәбірленушіні өз үйінің ауласында кездестіргені анықталды. Кейін оқиға орнына басқа да жасөспірімдер келіп, жәбірленушіге қысым көрсетіп, ұрып-соғып, мазақ қыла бастаған. Л.,Т.,М және В. алтыншы сынып оқушысын жылу қазандығы жанына апарып, ұрып-соққан. Осы уақытта М., В. және Ш. оқиғаны видеоға түсіріп тұрған.

«Екі бала 11 жасқа толмаған, заң бойынша тек осы жастан бастап мамандандырылған мектепке орналастыруға болады. Видеоны түсірген 12 жастағы қыздың арнайы есепте тұрмағаны, бұрын құқықбұзушылық жасамағаны, сабақты жақсы оқитыны анықталды. Үшеуі де ювеналды полицияның арнайы есебіне алынды», – делінген сот үкімінде.

Сот шешімімен үш жасөспірім арнайы мектептерге жіберілді. 13 және 16 жастағы екі қыз төрт айға девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектепте оқиды. Олар бұған дейін заң бұзған, яғни алкоголь ішкен, қоғамдық орындарда мас жүрген, түнде ересектердің қарауынсыз көшеге шыққан. Қажет болса, оқу орны мерзімді ұзарта алады.

Ал 13 жастағы ұл ерекше режимдегі мектепке алты айға жіберілді. Ол екі айда екі рет қылмыс жасаған. 2025 жылдың қаңтарынан бастап ювеналдық полицияның есебіне алынған.

Айта кетейік, Семейде жасөспірімдердің алтыншы сынып оқушысын ұрып-соққан видео әлеуметтік желіде тарап, оқиға резонанс алды.

Фото: видеодан алынған кадр

Сәйкес жаңалықтар

Бурабайда IV Ұлттық құрылтай басталды

bairakkz

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті

bairakkz

Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық…

bairakkz