Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Экс-министр Бекетаевтың ісі сотқа жолданды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды bairak.kz.

Астанада өткен брифингте Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы әділет министрі Бекетаев пен басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемде жымқыру, алаяқтық және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу деректері бойынша тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жолданды», – деді Биғайдаров.

Еске салайық, Марат Бекетаев 2023 жылғы қазанда ұсталған болатын. Былтыр Астана соты экс-министрдің қамауда ұстау мерзімін ұзартқанын хабарлаған еді.

Фото: gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

Шерзат ісіндегі сотталушы тергеудегі жауабынан бас тартты

bairakkz

Министрлер мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелерін талқылады

bairakkz

Альпі кубогінде топ жарды

bairakkz