Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Бишімбаев колониядан қашып кетті деген ақпарат жалған болып шықты

Әлеуметтік желіде әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде сотталып жазасын өтеп жатқан Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кетті деген ақпарат тарауда. Бірақ бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ол жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеп жатыр, — делінген хабарламада.

Қылмыстық тергеу комитеті қазақстандықтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Бұл жалған ақпаратты тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз, — делінген ведомствоның жауабында.

Еске сала кетейік, Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты сот процесі 2024 жылдың 13 мамырында аяқталған болатын. Сот шешімімен әйелін азаптап, өлтіргені үшін Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 2024 жылдың 9 қарашасында Салтанат Нүкенованың өмірден өткеніне 1 жыл болды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда полиция қызметтің күшейтілген нұсқасына ауысты

bairakkz

Трамп АҚШ армиясынан 15 мың трансгендерді қуып шықпақ

bairakkz

БОКС БӘСЕКЕСІ

bairakkz