Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Жағдайы ауыр». Мұхтар Шахановтың келіні үндеу жасады

Фото: Берік Ағыбаевтың желідегі парақшасынан

Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты халыққа ашық үндеу жариялады.

Жаңагүл Мұратқызының айтуынша, Мұхтар Шахановтың қазіргі денсаулық жағдайы күрделі.

«Мен, Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде қоғамға ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі денсаулық жағдайы өте күрделі, айтқан сөзін бірнеше минуттан соң ұмытып қалатын ауыр халде», – деді ол.

Сондай-ақ ол ақынның жақында ғана екінші ұлынан айырылғанын айтып, бұл жағдай оның жан дүниесіне қатты әсер еткенін жеткізді.

«Жақында ғана екінші ұлын жерлеген адамның көңіл-күйі, жан дүниесінің жағдайы қандай екенін бірі түсінсе, бірі түсіне бермейді. Қазір атамыз қоғамда болып жатқан оқиғалардан мүлдем хабарсыз екенін түсініңіздер! Сондықтан өтінемін, тыныштық беріңіздер!» – деді Жаңагүл Өмірбекова.

Ол әлеуметтік желідегі бір видеоға бола ұлтқа адал қызмет еткен азаматтың ар-намысына тиіп, қарғап-сілеудің орынсыз екенін атап өтті.

«Мұхтар Шаханов қазақ халқының тағдыры жолында күрескен, ана тілінің абыройы үшін өмірін сарп еткен тұлға. Ол ұлтының алдындағы адал парызын ақтаған, тарихта мәңгі сақталатын ардақты азамат!» – деп қорытындылады келіні.

Айта кетейік, соңғы күндері әлеуметтік желілерде Мұхтар Шахановтың атынан жалған парақша ашылып, фейк видео тараған болатын. Онда «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген жазба жарияланып, 4 мыңнан астам лайк пен 700-ге жуық пікір жиналған.

Кейін бұл мәселеге қатысты Ақпарат министрі Аида Балаева түсініктеме беріп, арандатудың артында қауіпті күштер болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Сәйкес жаңалықтар

АҚШ-та тұратын қазақ боксшысының үйі өртеніп кетті

bairakkz

Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегін ESPN арнасы көрсетеді

Ришат

Нұрлан Сабуровтың элиталық жылжымайтын мүлік пен люкс автокөліктері бар — БАҚ

bairakkz