Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалда жұдырықтасады

әлеуметтік желі

Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары финалдағы қарсыластарын білді.

Қазақстан атынан алтын медаль үшін 11 спортшы бақ сынайды. Оның ішінде ерлер арасында 8, ал әйелдер арасында 3 боксшы финалға шыққан.

Айта кетерлігі, финалда екі жекпе-жекте қазақстандық боксшылар өзара кездесіп, отандық «дерби» өтеді.

Ерлер арасындағы финал жұптары:

  • 50 кг: Санжар Ташкенбай – Исмаэль Маграуи Фриа (Испания)
  • 55 кг: Махмұд Сабырхан – Эллис Троубридж (Англия)
  • 70 кг: Төрехан Сабырхан – Дипак (Үндістан)
  • 75 кг: Аман Қонысбеков – Акаш (Үндістан)
  • 85 кг: Нұрбек Оралбай – Ариан Саид Панах (бейтарап спортшы)
  • 90 кг: Сағындық Тоғамбай – Эммануэль Рейес Пла (Испания)
  • 90+ кг: Айбек Оралбай – Нұрасыл Асылхан (қазақстандық дерби)

Әйелдер арасындағы финал жұптары:

  • 65 кг: Назерке Серік – Кайла Аллен (Англия)
  • 80+ кг: Умида Садықова – Панар Сейтханқызы (қазақстандық дерби)

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі бойынша турнир қорытындысында ұлттық құраманың халықаралық аренадағы дайындығы бағаланатын болады.

Сәйкес жаңалықтар

Қуаңшылық кезде Батысқа шөп жіберіп көмектескен Құрмет Талапқазы ел берген үйді сатып жіберген

bairakkz

Бұрын-соңды болмаған жағдай: Атырауда 85 егіз түлек мектеппен қоштасты

bairakkz

ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

bairakkz