Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған жағдай: Атырауда 85 егіз түлек мектеппен қоштасты

Фото: atpress.kz

Атырау облысының Құрманғазы ауданында биылғы оқу жылы ерекше оқиғамен есте қалмақ. Ауданда мектеп бітірген 625 түлектің арасында 85 егіз тіркелген.

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мұншама көп егіздің бір мезетте мектеп бітіруі аудан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін сирек кездесетін жағдай болып отыр. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай бұрын-соңды тіркелмеген.

Ең көп егіз түлектер Еңбекші, Мұқанов, Нұрпейісова және Мүсірепов атындағы мектептерде білім алған. Олардың арасында 9-сыныпты аяқтаған оқушылар да бар.

Сондай-ақ биыл тағы бір қызықты сәйкестік орын алды. Соңғы қоңырау күні 15 түлек өздерінің туған күнін де атап өткен.

Мамандардың пікірінше, биылғы мектеп бітіру маусымы Құрманғазы ауданының білім саласы тарихындағы ерекше жылдардың бірі ретінде есте қалуы мүмкін.

Сәйкес жаңалықтар

БЖЗҚ жеткіліктілік шектерін 10 күн ішінде жариялайды

bairakkz

Елордада жүкті әйелге сирек жатырішілік ота жасалды

bairakkz

Қазақ күресі Конфедерация кубогына қосылды(видео)

Ришат