Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Семейде жолақы қымбаттай ма? Облыс әкімі жауап берді

 Семейде қоғамдық көліктерде жолақы өспейді. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті.

Семейде жолақы қымбаттамайды. Себебі, біз бұрыннан субсидия төлеп жатырмыз. Бірақ басқа өңірлерге қарағанда бұл бізге ауырлау. Қазір автобустардың 75-80%-ы маршрутқа шығады. Егер маршрутқа 100%-ы шықса, бюджеттен оларға 9 млрд теңге көлемінде субсидия төлейміз. Әрине, бұл бюджетімізге ауыр. Қазір субсидия төлеп жатқан қаражатқа компаниялар автобус сатып алып жатыр. Былтыр 70-ке жуық автобус, ал биыл 70 автобус сатып алынды. Жаңа автобустарды сатып алсақ, маршрутқа шығуды 100%-ға жеткізу арқылы мәселені шешіміз, — деді Ұранхаев.

 Абай облысының әкімі автобус жүргізушілерінің жалақысына қатысты да пікір білдірді.

«Автобус жүргізушілерінің жалақысы жыл сайын көтеріледі. Жағдай жаман емес. Былтыр 30%-ға, биыл 20-30%-ға көтерілген», — деді облыс әкімі.

Сәйкес жаңалықтар

Еліміздегі ең ұзын көпір сынақтан өтті

bairakkz

Алматыда қауіпсіздік күшейтіледі

bairakkz

Qarmet-тен жанармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

bairakkz