Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша соттың басталатын күні белгіленді

Алматы облыстық соты Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс бойынша алғашқы сот отырысының өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды bairak.kz.

Іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 12:00-ге белгіленді. 10 сәуірде Талдықорған қаласындағы Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының ғимаратында өтеді.

Айта кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Сәйкес жаңалықтар

«Кредитке тығу басталды». Айнұр Тұрсынбаева компания ашып сынға қалды

bairakkz

«Біреуді мазақ еткен комментке лайк басу күнә». ҚМДБ үндеу жасады

bairakkz

Жетісу облысында оңалту орталығы ашылды

bairakkz