Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстады

Талғар ауданы Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға орын алған, деп хабарлайды bairak.kz.

Азамат Н. прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді. Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. Азамат Н. ең аз қажеттілік күшпен құрақталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр,- деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Полицейлер жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды сабырға шақырып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада тағы да төрт бала тірідей жанып кетті

bairakkz

«АУЫР АТЛЕТИКА»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ АЛТЫНМЕН АПТАЛДЫ

bairakkz

Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсіп қалды

bairakkz