Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Шетелдік жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етіп жатыр

Жәнібек Әлімханұлының екі бірдей чемпиондық титулдың тағдырын шешетін Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпей қалды. Бұған Жәнібектің «салмақ қууға» байланысты жекпе-жектен бірнеше күн бұрын ауруханаға жатқызылуы себеп болды, деп жазады bairak.kz.

Шетелдік бокс әуесқойлары, соның ішінде Андрейдің жанкүйерлері бұл жағдайға үндемей қала алмады.

Көбі қазақстандыққа тезірек сауығып кетуді тілесе, басым көпшілігі Жәнібек пен оның командасының әрекеті кәсібилікке жатпайтынын айтып, сынға алды.

Бокс әуесқойларының тағы бір бөлігі бұл «салмақ қуудың» жекпе-жек өнеріндегі бұрыннан келе жатқан мәселе екенін айтты, содан кейін Жәнібекке жоғары салмақ дәрежесіне өтуді ұсынды.

Андрей Михайловичтің кейбір жанкүйерлері Жәнібек Андреймен жекпе-жектен қашу үшін және атақтарын жоғалтпау үшін әдейі салмағын көтере алмады деген пікір қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Андрей Михайловичке қарсы өтетін жекпе-жек алдында есінен танып қалған болатын.

Артынша промоутер Жәнібек Әлімханұлының ауруханаға түсіп қалуына қатысты мәлімдеме жасады.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

bairakkz

ЖЕТІСУДА КӨКПАРШЫЛАР СӘЙГҮЛІКТЕРІМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz

ЕЛДІҢ БАТАСЫН АРҚАЛАҒА ЕГІЗ ҚЫЗ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz