Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

ШҚО-да көпбалалы аналар автобуста тегін жүретін болды

2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді.

Қазір өңір бойынша мұндай мүмкіндікке аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 312 бала ие. Бұған 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген.

Келер жылы облыста жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейту жоспарланған.

«Енді келесі жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.

Сәйкес жаңалықтар

КӨШ БАСЫНДА «ЖЕТІСУ»

bairakkz

Жетісу облысында 331 елдімекен орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі

bairakkz

Ақтөбеде мектеп бухгалтері 238 млн теңге ақша ұрлаған

bairakkz