Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«СПОРТ ШЕБЕРІ «: БОКСТАН ДӘУКЕН СМАҒҰЛОВТЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ

                 Талдықорғандағы «Өркен» спорт кешенінде спорт шебері Дәукен Смағұловты еске алуға арналған бокстан 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында қалалық турнир өтті. Жарысқа 65 боксшы қатысты.

Шара барысында «Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі КММ-нің директоры Рамиль Мұратов:

– Жарыстың мақсаты – жастарды спортқа, отаншылдыққа баулу. Дәукеннің ерліктерін насихаттай отырып өскелең ұрпақтың ерік жігерлерін күшейту. Дәукен мықты спортшы болды. Біз өмірден қыршын кеткен, жалындап өткен осындай азаматтардың өнеге жолы арқылы келешегі мықты жастарды, рухты перзенттерді тәрбиелеуіміз керек. Сондықтан да бүгінгі өткізіліп отырған турнирдің маңызы өте зор – дей келе, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осыдан кейін Дәуреннің ағасы Дәулет Смағұлов: «Дәукен бокспен 13 жасынан бастап айналысты. Алматыдағы спорт мектеп-интернатын тамамдады. Небәрі 16 жасында-ақ, шаршы алаңда жасындай жарқылдап, жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Өкінішке қарай, былғары қолғап шебері 23 жасында көлік апатына ұшырап, дүниеден өтті. Арада отыз жыл өтсе де інімді еске алып турнир өткізіп отырған Талдықорған бокс федерациясына алғысымды білдіремін», – деді.

Кіл мықтылар жиналған дәстүрлі спорт додасы тартысты өтті. 15 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен сайыста, балғын спортшылар барын салып өнер көрсетті. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаз атанған былғары қолғап шеберлері  облыс біріншілігіне жолдама алды.

Сәйкес жаңалықтар

«Жетісу» «Арсенал-Киев» командасын ұтты

bairakkz

ШҚО-да қос азаматтығы бар 9 адам ел аумағынан шығарылды

bairakkz

Министрлер мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелерін талқылады

bairakkz