Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Талдықорған қаласында алғашқылардың бірі болып түйешілер дауыс берді

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында дауыс берушілер үшін барлық сайлау учаскесі жұмысын бастады. Күн мен түн теңеліп, Ұлыстың ұлы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанда нөмірі 419 сайлау учаскесіне келушілерге бір топ азаматтар ән мен жырдан шашу шашты.  

Алғашқылардың бірі болып түйе асыраушылар дауыс берді. Олардың қатарында   35 жастағы Байзақов Ұлан бар. Ол соңғы 15 жыл бойы түйе асыраумен айналысып келеді. Ұланның айтуынша түйені асырау оңай іс емес, ал осындай қос өркешті төрт түлік малдың иесі болу бір ғанибет дейді. Аптаның демалыс күндері орталық саябақтарға шығарып, балаларға қуаныш сыйлау ол үшін үлкен бақыт. Ал қызмет көрсетіп тапқан қаражатын түйенің жем-шөбіне, дәрі-дәрмегіне жұмсайды.

Сәйкес жаңалықтар

Ақтөбеден шыққан Олимпиада чемпионын неге ұмытып жүрміз?

bairakkz

АФРИКАДА АЛТЫН АЛДЫ

bairakkz

Жапонияның жаңа премьер-министрі сайланды

bairakkz

Пікір жазу