Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Тараз қаласының аумағы 31 мың гектарға ұлғаяды

Ел егемендік алғалы Таразда төрт шағынаудан салынған, биыл тағы екеуінің құрылысы басталды. Келер жылы облыс орталығына 14 елді мекен мен 2 саяжай қосылып, шаһар аумағы 31 мың гектарға ұлғаяды, деп хабарлайды 24kz телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, шаһар аумағына бірнеше саяжай қосылып, аумағымен қоса халық саны да артқан. Қазір 434 мың адам тұрады. Облыс орталығында Астана, Бәйтерек, Арай-2 шағынаудандарымен қоса елдегі ең үлкен «Ұлы дала» ауданы салынды. 45 жылдық еңбек өтілі бар инженер-құрылысшы Рахманқұл Байтелиевтің айтуынша, небәрі 15 жыл ішінде қалада құрылыс қарыштап дамыды.

2010 жылдары біз мемлекеттік бюджеттің есебінен 3-4 үйге қаржы алатын болсақ. Бүгінгі таңда қазіргі облыстың орталығында салынып жатқан құрылыстың қарқынына есептесек, 30-40 үй салынып жатыр. 10 есе көп артық қаржы бөлініп жатыр. Ол игеріліп жатыр. Бұл біздің әлеуетіміздің өте қарқынды арқанының көрсеткіші деп есептеймін. Биыл қалада жаңадан екі шағынаудан салына бастады, — дейді Қазақстанның құрметті құрылысшысы.

Биыл қалада жаңадан екі шағынаудан салына бастады. Әлеуметтік нысандар да бой көтереді. Жалпы қала бойынша пәтер кезегінде 22 мыңнан аса адам бар. Бәрін баспанамен қамту үшін биыл 30 млрд-тан аса теңге бөлінді.

50 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оған 22 млрд тек қана республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Тұрғындардың тұрғын үйге сұранысын тек қана құрылыс арқылы емес, мынау нарықтан сатып алу механизімін де пайдаланып отырмыз. Қала көлемімен бірге халық саны да артып отыр, -дейді қала әкімі Бақытжан Орынбеков.

Оның сөзінше, соңғы 10 жылда тұрғындар саны 80 мыңға ұлғайып, 434 мыңнан асты. Келер жылы облыс орталығына 14 елді мекен мен 2 саяжай қосылады. Сол кезде шаһар аумағы 31 мың гектарға ұлғаяды. Осыған байланысты көне шаһар келер жылы екі әкімшілік аумаққа бөлінеді. Екі көпір салынады.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада 1 тамыздан бастап жолақысы қымбаттайды

bairakkz

Шерзаттың өлімі: қылмыстық іс қандай баптар бойынша жүріп жатыр?

bairakkz

ШҚО-да қос азаматтығы бар 9 адам ел аумағынан шығарылды

bairakkz