Үкімет отырысында креативті индустрияларды дамыту және мәдениет пен өнер салаларын цифрландыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды bairak.kz.
Қазақстандық кино өндірісі былтыр 58%-ға өсті. Кассалық табысы ең жоғары 10 фильмнің арасында әрбір екінші таспа отандық өндіріс туындысы болды. Шетелдік және отандық картиналардан түсетін алым шамамен теңесті. Бұл көрермендердің ұлттық контентке деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді, — деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, жобалардың санын көбейтіп, пайда түсіруді ғана мақсат етпей, фильмдердің сапасына баса назар аудару керек. Ал жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек.
Мұндай қаражатты прокаттан түсіруге болады. Бірақ қазіргі уақытта фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады. Сондықтан кино түсірушілер мен оны прокатқа шығарушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін бекіту маңызды. Ол үшін түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін «е-кино» платформасын жедел іске қосу керек, — деп тапсырды премьер.
Ол жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек. Мұндай қаражатты прокаттан түсіруге болады деп айтты.
Бірақ қазір фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады. Сондықтан кино түсірушілер мен оны прокатқа шығарушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін бекіту маңызды. Ол үшін түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқық сақталуын қамтамасыз ететін «е-кино» платформасын жедел іске қосу керек, — деді Олжас Бектенов.
Фото: Үкімет