Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Қуандық Бишімбаевтың үстінен арыз түсті

Айтбек Амангелді жоғарғы сотқа Қуандық Бишімбаевқа қарсы азаматтық талап арыз берді, деп хабарлайды bairak.kz.

Айтбек Амангелді өзінің қарындасы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевқа қарсы азаматтық талап арызын жоғарғы сотқа тапсырды.
Алайда арыздың қандай негізде берілгені белгісіз.

Бұл туралы сот кабинеті деректерінен белгілі болды. Іс 17 наурызда судьяға берілді. Алайда арыздың нақты қандай мән-жайларға байланысты жазылғаны белгісіз.

Еске салайық, 2024 жылғы 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 24 жылға бас бостандығынан айырды.

Фото: Жоғарғы сот

Сәйкес жаңалықтар

Шерзат Болат соты: Тағы бір адвокат істен шеттетілді

bairakkz

Әнші Ақбота Сейітмағамбет қасиетті Мәдинадан фото жариялады

bairakkz

ШЫМКЕНТТЕ «АБАЙ ӘЛЕМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛЫ ӨТТІ

bairakkz