Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаев Qarmet металлургиялық комбинатына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатын аралап көруден басталды, деп хабарлайды bairak.kz.

Ақорда хабарлағандай, «Qarmet» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев пен кәсіпорынның бас директоры Вадим Басин өндірісті дамыту үшін атқарылған және жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндады. Бұл мақсатқа 3,5 миллиард доллардан астам қаржы қарастырылған. Бұдан бөлек 500 миллион доллар шамасында Көмір департаментіндегі және 978 миллион доллар көлемінде Темір рудасы департаментіндегі жобаларға қосымша инвестиция құю жоспарланған.

Кәсіпорын ғимараттар мен нысандарға ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл жаңғырту бағдарламасына 100-ден астам нысан енген.

«Мемлекет басшысы сляб пен блюм шығаратын №2 конверторлық цех пен металл әзірлемелерін үздіксіз құю машинасының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшылығы бүгінде мекеменің техникалық жағдайын бабында ұстап тұру, жөндеу жүйесін, сондай-ақ кристалдандырғыш айналым жүйелері мен барлық машина сегменттерін жетілдіру басты міндет екенін атап өтті. Келесі жылы басқару және гидравлика жүйелерін жаңғырту жұмыстары атқарылмақ», — деп хабарлады Ақорда.

Сәйкес жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

bairakkz

97 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқып шықты

bairakkz

БАСТАЛМАЙ ЖАТЫП СҮРІНДІК

bairakkz