Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Тоқаевты Мажарстан сән-салтанатпен қарсы алды

Мажарстанға мемлекеттік сапармен барған президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Будапешт қаласындағы Король сарайының Арыстандар алаңында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан қарсы алды.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен соң, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін Құрмет қарауылы мен салт атты гвардия салтанатпен сап түзеп өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сәйкес жаңалықтар

Дулат Исабеков өмірден өтті

bairakkz

Бақтияр Артаев Қызылордадағы лауазымды қызметке ұсынылды

bairakkz

Байден Трамппен Украина мен Таяу Шығыстағы жағдай туралы сөйлеседі

bairakkz