Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Том Леффлер: Головкин әлі бес жыл жұдырықтаса алады.

 IBF/IBO/WBA/WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинның промоутері  Том Леффлер қазақстандықты кәсіпқой бокста әлі бес жыл жұдырықтаса алады деп санайды. Бұл туралы alzhan.kz сайты Чемпионат.com сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

   «Оның әлі бес жыл бойы рингке шығуына күші жетеді. Головкинге тән панчер стилі әлсірей қойған жоқ. Нокаутқа түсіретін күш — егде тартқан боксшылардың да атрибуты екенін ұмытпаған жөн.
Геннадидің қорғанысы бағаланбай жүр. Иә, ол алға көп шығып, шабуылдайды, бірақ Альвареспен өткен жекпе-жектен кейін ол 12 раунд өткізген боксшыға ұқсамады. Көзінің маңайында ісік пен көгерген із де болмады. Тек аздаған тыртықтар пайда болды.

Владимир Кличконың 41 жасқа, Мейуэзердің 40 жасқа дейін рингке шыққанын көрдік. Сол сияқты Головкиннің де 5 жыл бойы талай айқастарын көреміз», -деді Леффлер.

Сәйкес жаңалықтар

Grand Slam: Ташкенттегі аламанға отандық дзюдошылардан кімдер қатысады

bairakkz

12 млн теңге айыппұл. Түркістан облысында қызғалдақ терген әйелдің басы дауға қалды

bairakkz

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы сатылатын болды

bairakkz