Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Трамп АҚШ армиясынан 15 мың трансгендерді қуып шықпақ

Д. Трамп әскери қызметкерлерін жұмыстан босату туралы жарлығына президенттік мансабына қайта орылған күні-ақ қол қоюы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жұмыстан шығару олардың қызметке жарамсыздығын анықтайтын медициналық көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады.

Дональд Трамп бұған дейін мәлімдегеніндей, кейбір жоғары лауазымды офицерлер әскери әрекеттерді жоспарлаудан гөрі теңдік пен инклюзияға көбірек қызығушылық танытып отыр.

Бұл тыйым Трамптың бірінші президенттік мерзімі кезінде қабылдаған жарлығына ұқсас немесе кеңейтілген болуы мүмкін. Онда Трамп трансгендерлердің әскери қызметке қосылуына тыйым салған, бірақ қызмет етіп жүргендерге өз орындарын сақтауға рұқсат берген. Президент Джо Байден бұл бұйрықты жойды.

Пентагонның мәліметінше, құпиялылық саясаты 1,3 млн-ға жуық белсенді әскери қызметкері бар армиядағы трансгендерлер санын санауды қиындатып отыр.

«15 мыңнан астам әскердің кенеттен кетуі, әсіресе, өткен жылы әскерилер 41 мың шақырушыны жинай алмағанын есепке алғанда, жауынгерлік бөлімшелерге әкімшілік жүктемені арттырады, бөлімшелердің біртұтастығын бұзады және маңызды дағдылардағы кемшіліктерді күшейтеді», – деді ЛГБТД+ әскери қызметкерлері мен ардагерлеріне науқан жүргізетін Американың заманауи әскери қауымдастығының атқарушы директоры Рэйчел Бранаман.

Д.Трамп Қорғаныс министрі лауазымына ұсынған П.Хегсет армиядағы «әлсіз» және «әйелдік» басшылыққа қарсы шығып, «бас қолбасшы келесі жылы тәртіпті қалпына келтіруі керек» деп мәлімдеді.

Фото: report.az

Сәйкес жаңалықтар

Айгүл Иманбаева құрбыларымен бірге Англияда Hen party өткізді

bairakkz

Мектептер үшін бірыңғай тамақ стандарты қабылданады

bairakkz

Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық…

bairakkz