Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Түркияның оңтүстігінде жер сілкінді

Түркияның оңтүстігінде Адана провинциясында магнитудасы 5 баллды құраған жер сілкінісі тіркелді.

Төтенше жағдайлардың салдарын жою басқармасы (AFAD) таратқан ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 22:07-де Козан ауданында болған.

Жер сілкінісінің ошағы 20 шақырымдай тереңдікте жатқаны айтылды.

Әзірге зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар туралы ақпарат жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Қытайдың Ұлттық ядролық өнеркәсіп корпорациясының басшысымен кездесті

bairakkz

Өлімнен аман қалып, жүлдегер атанды

bairakkz

Тоқаев Франция елшісін қабылдады

bairakkz