Ұлытау облысының Кеңгір су қоймасының жағалауында 67 ақбөкен ұшасы табылды. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі ауданда санитарлық іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасының Водосброс және «Спутник» саяжайы маңында киік өлекселерін жинау жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар жағалаудағы аумақты мұқият тексеріп, табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында қажетті шаралар қабылдауда,– делінген хабарламада.
Ведомство 67 өлексенің «Охотзоопром» қызметкерлеріне тапсырылғанын мәлім етті. Сондай-ақ экологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында аумақты тазарту жалғасатынын жеткізді.
Айта кетейік, өңірде ақбөкендердің қырылуы бірінші рет емес. Биыл ақпан айынан бастап Жезқазған қаласының аумағында 660-тан астам ақбөкен ұшасы, ал Қаражал қаласының маңында 2342 ұшасы табылғаны жөнінде хабарланған болатын. Кейінірек орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қыста ақбөкендердің саны 40-50% – ға азаюы мүмкін деп түсіндірді.
Фото: asshot.inc парақшасынан