Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында «Алло такси» қызметінің жүргізушілері жолаушыларды тегін тасымалдауда. Ауданда мұндай игілікті іс саяси науқандарда тұрақты ұйымдастырылады.
Ақысыз қызмет көрсетіп жүрген такси жүргізушілері бүгінгі өтіп жатқан саяси науқан ел азаматтары үшін маңызды екенін айтып, қала тұрғындарының барынша сайлауда дауыс бергендерін қалайды.
— Саяси науқандарда такси қарапайым халықты тегін тасымалдайды. Жол бойында тұрған адамдарды алып кетіп жатқан жомарт жандарға алғысымызды білдіреміз, — дейді қала тұрғыны Жадыра Ахметова.
Таңмен таласып, тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін тасымалдаған «Алло» такси қызметі 1 сағат ішінде 50-ден астам тапсырыс қабылдады.
Айдар ҚАЛИЕВ,
Қаратал ауданы