Қазақстандық жас теннисші Зарина Дияс жаңарған WTA рейтингінде 63-орынға көтерілді.
Бұған дейін 24-жастағы спортшы қыз 100-орында болған. Бұл оның жарақаттанған кейінгі үлкен ерлігі екенін айта кету ләзім. Зарина өткен жексенбіде Жапония астанасы Токиодағы «Japan Women’s Open Tennis» халықаралық турнирінде бас жүлдені ұтып алды. Бұл оның WTA аясындағы тырнақалды табысы болатын. Дияс ақтық сында жапон теннисшісі Миа Катодан 6:2, 7:5 есебімен басым түсті. Отандасымыз Қазақстандағы №1 теннисші екенін айқын дәлелдеп берді.