Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпарат

Зейнетке жетсе де «пенсия» мен жалақыны қатар алатындардың жағдайы қиындамақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова журналистермен кездесуде зейнетақы жүйесін өзгерту бойынша ұсыныстар туралы айтты.

Министр қазір зейнет жасына жетсе де, жұмыстан кетпей, екі жақтан да ақша алуды қалайтындар көбейгенін жеткізді.

Олар жұмысынан кеткісі келмейді, өйткені сол өздеріне ыңғайлы, жиған-терген білімі, тәжірибесі сұранысқа ие, сондықтан олар жұмысында қала береді. Мұндай жағдайда бюджеттен төленетін төлемдерді олар зейнетке шындап шыққанға дейін доғара тұру ұсынылады, — дейді министр.

Светлана Жақыпова айтуынша, тоқтатылған төлемдер бюджетте сақталады. Олардың есебінен кейбір қазақстандықтар үшін 55 жаста зейнетке шығуды қамтамасыз етуге болады.

Министрдің сөзінше, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар, көпбалалы аналар және қауіпті және ауыр жағдайларда жұмыс істейтін адамдар зейнетке ерте шыққысы келеді.

Оның айтуынша, бұл норманы қодау-қолдамау қазақстандықтардың еншісіндегі дүние.

Фото:primeminister.kz

Сәйкес жаңалықтар

Зияны көп жұмыс істеген 11 814 азаматқа арнаулы төлем тағайындалды

bairakkz

Астанада ғалымдар еуропалық құндылықтар эволюциясын талқылады

bairakkz

Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады

bairakkz