Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Әлем

Жарасқан Мырзамұратов Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі атанды

Қазақ поэзиясының шырайын арттырып, қаламын әділ сөздің алдаспаны еткен Жарасқан Мырзамұратовтың есімі Өзбекстандағы әдебиетсүйер қауымға етене таныс, деп хабарлайды Bairak.kz

Ақындық рух пен журналистік сергектікті бойына сіңірген қаламгердің шығармашылығы талай жүректерге жол тауып, көршілес елдердің әдеби кеңістігінде де кеңінен танылуда.

Жарасқан Мырзамұратовтың өлеңдері мен прозалық туындылары Алматыда жарық көрген «Қызылқұм жырлары», «Әділ сөздің алдаспаны – Әйтеке би», «Тәуелсіз ақындар», Ташкентте басылған «Шұғылалы елдің шабыты», «Өзбекстандағы қазақ ақын жырларының антологиясы», «Шыршық» сынды жинақтарға енді. Сондай-ақ, оның туындылары төменгі сынып оқулықтарына еніп, жас буынға әдеби мұра ретінде ұсынылуда.

Ақынның жеке кітаптары да жыл сайын оқырманға жол тартуда. «Көңіл қоңырауы» (2021), «Ынта» (2022), «Қазыналы білім ошағы» (2023), ал 2024 жылдың соңында «Отандастар қоры» КЕАҚ қолдауымен жарық көрген «Ақиқаттың дәмі ащы» (Алматы, «Әдебиет» баспасы) – қаламгердің сөз өнеріне адалдығының айқын айғағы.

Осы еңбектерінің жемісі ретінде Жарасқан Мырзамұратов бүгін Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі атанып, куәлікті ұйым төрағасы, танымал ақын Сирожиддин Саййидтің қолынан салтанатты түрде қабылдады. Бұл – әдебиеттегі шекаралар жоқтығының, қазақ пен өзбек мәдени байланысының беріктігінің дәлелі!

Сәйкес жаңалықтар

Бразилия Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеуді бастады

bairakkz

Трамп ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

bairakkz

Ильхам Әлиев Путинге үш талап қойды

bairakkz