Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жүргізушілер үшін жаңа жеңілдіктер

inDrive – көлік және қалалық қызметтерге арналған халықаралық платформа – Салық кодексі мен Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді осы сервистің серіктес жүргізушілері үшін салық агенті болады, деп хабарлайды bairak.kz.

Жүргізушілер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мобильді қосымша арқылы арнайы салық режимін (СНР СМП) қолданса, inDrive-пен тікелей жұмыс істей алады. Бұл тәсіл салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуді жеңілдетеді.

inDrive сервисі салық агенті рөлін өз мойнына алып, қосымшада СНР СМП режимінде тіркелген жеке кәсіпкерлер үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде ұстап, аударып отырады.

Жаңа жүйенің басты артықшылығы – төмендетілген мөлшерлеме: жалпы 4% (оның ішінде жеке табыс салығы – 1%, зейнетақы жарнасы – 1%, әлеуметтік аударым – 1%, міндетті медициналық сақтандыру жарнасы – 1%). Жүргізушілер енді әлеуметтік төлемдерді өздері есептеп, аудармайды – бәрі E-Salyq Business қосымшасы арқылы автоматты түрде орындалады.

Бұл жүйенің тағы бір маңызды тұсы – жүргізушінің барлық табысы ресми тіркеледі. Бұл несие, ипотека алу және түрлі әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізу ісін жеңілдетеді.

inDrive компаниясының кантри-менеджері Арай Бекембаев:

Біз жүргізушілермен жаңа форматта жұмыс істеуге көшіп, олардың заң алдындағы мәртебесін нақтылауға және әлеуметтік қорғалуына жол ашып отырмыз. Бұл – еліміздегі қызметімізді дамытудың маңызды кезеңі. Салық агенті ретінде біз барлық төлемдерді уақытылы аударуға жауаптымыз, ал жүргізушілер өз ісіне толықтай көңіл бөле алады, – деп атап өтті.

inDrive-пен тікелей жұмыс істеу үшін жүргізушіге мынадай қадамдар қажет:

  1. E-Salyq Business мобильді қосымшасын жүктеп алып, келесі параметрлер арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркелу:
  • Қызмет түрі (ОКЭД) – «49320 – такси қызметі»;
  • Арнайы мобильді қосымшаны қолданатын салық режимін таңдау (СНР СМП).
  1. elicense.kz порталы арқылы жолаушы және жүк тасымалы қызметін бастайтыны жөнінде хабарлама беру.
  2. inDrive қосымшасында жеке кәсіпкер ретінде жұмыс режимін таңдау.

Егер жүргізушіде басқа салық режимімен тіркелген кәсіпкерлік болса немесе қызмет түрі өзгеше болса, E-Salyq Business қосымшасында салық режимі мен қызмет түрін өзгертуі қажет.

Сәйкес жаңалықтар

Мекке мен Мәдинаны топан су басты

bairakkz

«ҚПЛ»: БІРІНШІ ЛИГАДА 15 КОМАНДА ОЙНАЙДЫ

bairakkz

ӘЧ-2018. ОН АЛТЫ ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ЖЕҢІС

bairakkz