Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Шымкентте жалған бренд заттарын сатқан алаяқтар ұсталды

Шымкентте жоқ брендтік заттарды млн теңгеге сатқан алаяқтар қолға түсті.

Полиция 22 жастағы тараздық тұрғынды және оның Алматы мен Шымкенттегі екі досын ұстады. Олар әлеуметтік желіде брендтік аяқ киім мен сөмкелер сататын жалған интернет-дүкен ашып, түпнұсқа тауарлардың фотосуреттерін жүктеп жариялап отырған. Сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндіріп, төлемді аударым жасау арқылы немесе қашықтан төлеу шотын жіберу арқылы алған.

Брендтік затын ұзақ күтіп, сол күйі ала алмаған тапсырыс берушілер полицияға арызданған. Бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды. «Киберпол» бөлімінде онлайн-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер еліміздің барлық аймағында болуы мүмкін екені айтылды.

«Онлайн сатып алу кезде, тауарды қолға алғаннан кейін төлем жасау керек; бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғын тексеріңіз; ешқашан жеке деректеріңізді және банк карталарының кодтарын бейтаныс адамдарға жолдамаңыз», — делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған күдіктілер ұсталды

bairakkz

Қабатовтың әйелі ән кешін өткізіп жүр

bairakkz

Дүниежүзілік сауда Вашингтонды айналып өтіп, рекордтық 35 трлн долларға жетеді

bairakkz