Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

UFC: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім екені белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім екені анықталды. Бұл туралы Red Corner MMA арнасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

UFC-дің үздік және жеңілмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) UFC чемпионатының бұрынғы иегері нигериялық Камару Усманға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, UFC 310 турнирінде Шавкат қазіргі жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммедпен күресуі керек еді. Алайда, американдық-палестиналық жауынгер денсаулығына байланысты жекпе жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Көп ұзамай бірнеше файтер, соның ішінде Камару Усман да Рахмоновпен күресуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Сәйкес жаңалықтар

Ақтауда ауысым кезінде күзетші қаза тапты: сот істі қайта тергеуді міндеттеді

bairakkz

Черчесов жылдың соңғы екі матчына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады

bairakkz

85 мың теңге өзгере ме? Қазақстанда ең төменгі жалақыға қатысты маңызды жаңалық

bairakkz