Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Жұлдыз Әбдукәрімова жүктілігі туралы айтты

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова желіде жүктілігіне қатысты бөліскен видеосына түсінік берді, деп хабарлайды  bairak.kz.

Менің жетінші жүктілігім. Ол жайлы білмесем де, менің ағзам қабылдап, өз процесін атқарып жатқанын сезбедім. Әрине, ол кезде сезбеу – заңдылық. Өйткені, бір басыма біраз дүние үйір болған еді. Оған халық куә болды. Одан кейін көпшілік білмейтін жеке мәселем бар. Әбден әбігерге түстім. Ішім алай-дүлей. Сол сәтте жатырыма жайғасқан бір түйір тамшы дер кезінде өз несібесімен келіпті. Құрсағымдағы бір түйір періштем барлық мәселені шешіп жіберді десем, асылық айтқаным емес. Өйткені мен күтпеген, таңғажайып дүниелер орындалды. Құдды бір кино сияқты. Дәл сол сәтте мен ештеңе сезген жоқпын. Бұл жаратушының маған берген үлкен сыйы. Бергенінен берері мол дегенді енді ғана түсіндім, — дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас екеуінің  Алау, Сезім деген қыздары және Нарұл мен Хан атты ұлдары бар. Ел арасында ажырасып кетті дейтін пікір жиі айтылады. Жұлдыз қазір Астанада, Қайрат Нұртас Алматыда тұрады.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақ күресі Конфедерация кубогына қосылды(видео)

Ришат

Әли Оқапов «Құрмет» орденін алғандағы буллинг. Әйелі шындықты айтты

bairakkz

Ескі көлікпен жүріп бес минуттан артық қыздырғандар айыппұл төлеуі дұрыс — сенатор

bairakkz