Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

 

      Таяуда Алматы облысының әкімі волейбол федерация Президенті қолдауымен облыстық білім және спорт басқармаларының өз ара келісіп, бекітуімен жасөспірімдер арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауға арналған 2018 жылғы волейболдан «Алтын күз» атты кубоктің қорытынды жарысы өтті.

Жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін бұл жарыс мектеп оқушылары арасында волейбол ойынын дамыту мақсатында жас жеткіншектер арасынан жекелей спорт шеберліктері артқан ойыншыларды анықтап, облыс құрамы командасына іріктеу жарыстары болып табылады.

2017 – 2018 оқу жылы барысында жоспарланып , белгіленген бұл ресми түрдегі көктемгі, жазғы, күзгі жарыстары алғашында Чонжы, Текелі, Қапшағай қалаларында өткенімен, қорытынды кубокты жарыс ақындар мен батырлар мекені атанған Жамбыл аудан орталығы Ұзынағаш ауылының спорт кешенінде қараша айының ортасында өткізілді.

Жарысқа облыстың барлық аудандық балалар спорт мектептері мен үш қалалық жасөспірімдер спорт мектері қамтылып 2001 – 2002, 2003 – 2004, 2005 – 2006 жылы туылған жасөспірім ұлдардан жасақталған командалар үш топ бойынша бөлініп айналмалы жүйеде өз үздіктерін анықтады.

Жарыс Қазақстан волейбол федерациясы бекіткен ережеге сай өткізіліп бас төрешілікті облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы бекітіп жүктелген Талдықорған қаласынан келген өкілі Хамит Сулейменов жүргізді.

Биылғы қорытынды жарысындағы бірінші топта 2001 – 2002 жылы туылған жасөспірімдері бас қосқан Панфилов, Жамбыл, Сарқан, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ аудандық БЖСМ – командалары өз-ара айналмалы жүйеде үш партиялық ойындармен кездесіп, барлық ойындарда басымдық танытқан Панфилов аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары оза шығып, жиған ұпай санымен жарыс жеңімпазы атанып тиісті дәрежелі диплом мен кубокті өз аудандарына алып қайтты.

Жалпы Жаркенттік жас жеткіншектерді бастап келген жаттықтырушылары Сұлтан Сейдахметов пен Карим Мақсұтовтың тәрбиелеген шәкірттері былтырғы осы жетістіктерін биылда тағы қайталап отырған Абай Дәулетов, Сағи Барлыбеков, Нұрқуат Орашев, Мәди Тілеуханұлы сынды ойыншылары қазірдің өзінде облыс, республика құрамы сапына алынып өз шеберліктірен шыңдауда. Осы Жаркенттің жас өспірімдер биыл облыс құрама сапында ойнап, Республика чемпионы да атанды.

Осы орайда жарыс жеңімпазын баптап жүрген Сұлтан Сейдахметов жайлы айта кетсек: ұзақ жылдар білім саласында еңбегі сіңген үздік ауыл мұғалімі, бүгіндері жасына байланысты еңбек демалысы зейнетке шықса да шәкірттерінің сұрауымен өзі еңбек еткен Талды ауылының Дәнеш Рақышев мектебінде сабақтан тыс волейбол үйірмесін жүргізуде. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» — демекші соның бір дәлелі қаладан алыс ауыл балалары да ірі доп додаларына қаймықпай шығып, облыс, республика деңгейіндегі жарыстарда топ жаруда. Бапкерлері Сұлтан ағамыз ылғи қастарында жүріп ақыл кеңесін беріп, өзі де әлі спорт алаңынан табылып, ұйымдастырылар ардагерлер арасындағы жарыстардан қалмайды. Осылайша ардагер бапкердің бәрінен де қымбаты өзін үлгі етуі. Соны көрген өскелең ұрпақ содан өнегелі үлгі алары анық. Осы тәрбиелеп отырған шәкірттерінің арасынан болашақ құрылық, әлем, Олимпиада чемпиондары шығып жатуын тілейміз!

Осы ретте тақырыпқа тұздық болар Мәскеу Олимпиадасының чемпионы бүгіндері ауыл спортының дамуына өзіндік үлес қосып отырған еліміздегі белгілі кәсіпкер Жақсылық Үшкемпіров ағамыздан үлгі алар бір мысал келтіре кетсек артық болмас: Елбасы қолынан Қазақстанның Еңбек ері атағын алып тұрғанда айтқан бір арманы: «Елімізде көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Ең болмаса сол қазақтың бес мың жігіті, сол ауылды көтеріп жіберсек, содан асқан қандай бақыт керек» — деген екен.

Елбасы да Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында адамдардың спортпен айналасуына қолайлы жағдайларын жасап, бұқаралық спортты жер – жерлерде дамыту жөнінде ұдайы айтып келеді. Демек шалғай ауылдарда да спортқа жанын салған азаматтарымыз барда, бұқара спортымыз алдағы уақытта да өркендей бермек.

 

Сәйкес жаңалықтар

Қаһарман қызды еске алды

bairakkz

Қазақтың лирик ақынының аттасы Мұқағали Мақатаев та өз таңдауын жасады

bairakkz

Сайлаушылардың құрметіне концерттік бардарлама ұсынылды

bairakkz

Пікір жазу