Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Алматыда жолды жауып, намаз оқығандар толығымен жазаланды

Алматыда жолдың қақ ортасында намаз оқыған 30 адам жазаланды. Тәртіп бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Полиция оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп, құқықбұзушыларды әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 614-бабы (көлік қозғалысына кедергі келтіру) бойынша жауапқа тартты.

Құқықтық тәртіп қағидатын еске сала отырып, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қозғалысына кедергі келтіру – бұл құқықбұзушылық және әкімшілік жауапкершілікке әкеледі, – деді полиция департаментінің өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін 6 желтоқсан күні Алматыда бір топ адам жолдың адамдар жүретін бөлігінде намаз оқып, көлік қозғалысын тоқтатып тастаған еді. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай Медеу ауданында болған.

Сәйкес жаңалықтар

Кореялық чемпион қыз Қазақстан азаматтығын алды: Оның жаңа есімі — Әлия

Ришат

Семейде шырша құруға апарған мұғалім құлап реанимацияға түсті

bairakkz

Біреуге ұнау үшін жүрген жоқпын — Маңғыстау облысының әкімі

bairakkz