Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Алматылық әйел автобуста жолаушының 4,1 млн теңгесін және алтын бұйымдарын ұрлаған

Фото: Алматы ПД

Алматыда қоғамдық көлікте жасалған ірі ұрлық дерегі бойынша күдікті ұсталды. Тергеу барысында әйел адамның таңғы уақытта автобус ішінде жолаушының сөмкесінен жасырын түрде ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, сондай-ақ алтын бұйымдарды ұрлағаны анықталды.

Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 4,1 миллион теңгеден асты. Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің қылмысқа қатысы толық дәлелденген. Тінту барысында ұрлық фактісін растайтын заттай дәлелдемелер, оның ішінде ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді.

Сонымен қатар күдіктінің кінәсі қоғамдық көлік салонында орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларымен де дәлелденіп отыр.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деді Асхат Дәулетияров, Алматы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы.

Полиция азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және қоғамдық көлікте жүргенде жеке мүлкіне мұқият болуға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Өзбекстан педофилия үшін өмір бойы жаза енгізуі мүмкін

bairakkz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

bairakkz

ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

bairakkz