Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Көлігін 5 минуттан артық қыздырған алғашқы азамат айыппұл салынды

Петропавл тұрғыны көлігін 5 минуттан артық қыздырамын деп айыппұл арқалады. Оны көршілері «ұстап» берген, деп хабарлайды bairak.kz.

Ер адамның өзі хаттаманың скриншотын әлеуметтік желілерде жариялап, полицияға шағымданған көршілеріне «алғысын» білдірді. Ол 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Өңір тұрғындары айыппұлдың бұл түрімен мүлдем келіспейді. Ауа температурасы кейде 40 градусқа дейін төмендейтін аймақ үшін көлікті 5 минутта жылыту мүмкін емес. Яғни өңірдің ерекшелігі есепке алынбаған.

ІІМ қозғалтқышты ұзақ уақыт жылытуға тыйым салу 20 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқанын еске салды.  Бірінші жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл, ал қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстанда 20 жыл ішінде көлігін 5 минуттан артық қыздырған бірде-бір адамға айыппұл салынбағанын еске салып еді.

Фото: Kazinform

Сәйкес жаңалықтар

КӨШ БАСЫНДА «ЖЕТІСУ»

bairakkz

Атырауда көпқабатты үйден 45 адам құтқарылды

bairakkz

Елімізде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мамандардың тізілімі енгізілді

bairakkz