Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарҚоғам

46 кеншінің өлімі: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Бас прокуратураның арнайы прокурорларының жетекшілігімен Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу бабы (ҚК 277-бабының 3-бөлігі) бойынша 10 айыпталушыға қатысты іс сотқа жіберілді, — деп жазды ол.

Айта кетейік, Костонко атындағы шахта қайғылы жайт 2023 жылғы 28 қазанда болды. Жарылыс кезінде кеніште 252 адам болған, соның ішінде 206 кенші жер бетіне шығып үлгерген, ал қалғандары қаза тапты.

Сәйкес жаңалықтар

Каспий жағалауынан табылған итбалық өлексесі 734-ке жетті

bairakkz

Тоқаев Сербия президентіне Алматының әйгілі апортын сыйға тартты

bairakkz

Өнері озық елдің өрісі кең болады – Дулат Тастекей

bairakkz