Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Путинцева Ролан Гаррос турнирының үшінші кезеңіне шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева әлемдегі танымал «Үлкен дулыға» санатына енетін Франция ашық біріншілігінің (Ролан Гаррос) үшінші кезеңіне шықты, -деп хабарлайды alzhan.kz сайты.

Отандасымыз екінші кезеңде швед спортшысы Юханна Ларссоннан басым түсті. 2 сағат 15 минутқа созылған ойында Путинцева 2:1 есебімен айласын асырды. Бірінші сетте 6:3 нәтижесімен жеңсе, екінші сетте 6:1 есебімен қарсыласына жол берді. Үшінші сетте 6:3 есебімен жеңісті жолын жалғастырды.

Юлия Путинцева үшінші кезеңде испаниялық Гарбинье Мугуруса мен Анетт Контавейт арасындағы ойын жеңімпазымен кездеседі.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды

bairakkz

Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді — Ермұрат Бапи

bairakkz

2025–2026 оқу жылының күнтізбесі белгілі болды

bairakkz