Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ДИДАР ӨТЕЛБАЕВ БАПКЕР БОЛДЫ

Текелідегі мәдениет сарайында бокстан студенттер арасында Азия және Әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Өтелбаев Дидар Саяқұлының үлкен спортпен қоштасып, бапкерлік жолға ауысуына байланысты жасөспірімдер арасында бокстан турнир және салтанатты шара өтті. Бокс әліппесін Тұрарбек Омарұлынан үйренген Дидар мектеп жасынан-ақ облыс құрамасына қабылданады. 2010 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Серік Шукбутовтан тәлім алған былғары қолғап шебері 56 келі салмақ дәрежесінде Қарағандыда өткен республикалық чемпионатта топ жарады. Сол жылы Ұлттық құрама сапына енеді. 2012 жылы «Астана арландары» құрамында өнер көрсетеді. 2016 жылы Тайландттағы Бангкок қаласында өткен Әлем біріншілігінде қарсыластарын қоғадай жапырған боксшы чемпион атанды.

 

Шара Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаевтың алғысөзімен бастау алды.

— Дидар болашақта еліміздің абыройын асқақтататын шәкірт дайындайтынына сенімдімін. Спортшымызға болашақта баспана мәселесін шешіп береміз, — дей келе ақжарма тілегін ақтарып, турнир жеңімпаздарын марапаттады. Жиын соңында сөз алған Дидар Өтелбаев озық ойлы, отаншыл шәкірт баптау жолында аянбай еңбектенетінін айтып, шараға жиналған қауымға алғысын білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Конфедерация кубогы: Шымкентте «С» тобының сайыстары өтті(фото)

Ришат

ДӘРІГЕРЛЕР ЖАРЫСТЫ

bairakkz

Шерзаттың өлімі: қылмыстық іс қандай баптар бойынша жүріп жатыр?

bairakkz