Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ЖЕТІСУДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК

         Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында аралас жекпе-жектен «Алаш Прайд» промо-лигасының халықаралық турнирі өтті. «Орбұлақ» шайқасының 375 жылдығына орай ұйымдастырылған додаға әр елден 24 спортшы қатысты.

Жарыс 66,1 келі салмақтағы спортшылардың бәсекесмен басталды. Бұл кездесуде отандасымыз Бақытжан Жұманов пен өзбекстандық Валишер Рахматов өзара мықтыны анықтады. Үш раундтың қорытындысы бойынша жеңіс өзбек спортшысының пайдасына шешілді. 56,7 келі салмақта бақ сынаған ел намысын жыртқан Мұқағали Несіпбай тәжік спортшысы Хуршед Назаровпен кездесіп, ұпай саны бойынша тең түсті. 66,1 келі салмақта сегіз бұрыш төріне қырғызстандық Азиз Сатыбалдиев пен өзбек спортшысы Уайс Тілегенов шықты. Екінші раундта Азиз қарсыласын накаутпен ұтты.

66,1 келі салмақта бақ сынаған шешенстандық Сайд – Селим Матаев пен еліміздің намысын қорғаған Таксим Забитов спортшылардың жекпе-жегі тартысқа толы болды. Бұл сында отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп, ел абыройын ақтады. Ал, 61 келі салмақта Мерхрод Умаров (Тәжікстан) пен Қазақстан атынан Рауан Бекболат кездесіп, төрешілердің шешімімен екеуі тең түсті. 66 келіде Құштарбек Әмірбекұлы (Бішкек) мен еліміздің спортшысы Денис Муцнекті үш раундқа созылған бәсекеде ұпай санымен ұтты. 81 келідегі ресейлік Иван Салогоров пен отандасымыз Ғалымжан Қанаев жұдырық түйістірді. Қарсыласына соққыны қарша боратқан  Қанаев бірінші раундта-ақ накаутпен жеңіске жетті. 56,7 келі салмақта қазақстандық Бахтияр Несіпбек Өзбекстаннан келген Холдмурод Нормуратовпен шығып, жеңісті жұлып алды. 77 келідегі файтерлердің де жекпе-жегі тартысты өрбіді. Бұл сында Душанбе қаласынан келеген Ифтихор Арбобов қазақстандық Артем Резниковтан ұтылып қалды. Отандасымыз төрешілердің берген бағасымен үшінші раундта жеңіске жетті. 66 келіде қырғызстандық Жәнібек Қаныбекұлы еліміздің спортшысы Жұман Жұмабековтен басым түсті. Ал, 93 келі салмақта өнер көрсеткен саңлағымыз Асылжан Бақытжанұлы Ресей елінен келген Константин Андрейцевтен басым түсті.

Көпшілік тағатсыздана доданың басты жекпе-жегі дағыстандық Абдулмуталип Гайирбеков пен отандасымыз Ермек Тлауов арасында өтті. Кездесу тартысты өтті. Жеңістің желкенін көтеру үшін қос спортшы барын салды. Бірақ, үш раундқа созылған кездесуде төрешілердің берген бағасы бойынша Абдулмуталип жарыс жеңімпазы атанды.

Сәйкес жаңалықтар

Аида Балаева: Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы

bairakkz

Тоқаев бұрын дипломат болып жұмыс істеген Сингапурға оралғанына қуанышты екенін айтты

Ришат

Қонаев қаласында “Арена” драмасы сахналанды

bairakkz