Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ҚАЗАҚТА БЕС АЛТЫН!

 

                          

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы бес алтын  медальді иеленді. Оның үшеуі жетісулық спортшылардың еншісінде.

Атап айтсақ, облыстық дарынды балаларға арналған спорт интернатының оқушысы Сайрамкез Ақмолда жарыстың алғашқы күнінде 61 келі салмақта 257 келі зілтемірді көтеріп, алтыннан алқа тақса, 67 келі салмақта Сайхан Тайсуев 288 келі зілтемірді көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Оның жұлқа көтеру және серпе көтеру бойынша тағы кіші алтын медалі бар. 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жетісулық Ольга Пастухова да намысты қолдан бермеді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 215 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 92 келіні, серпе көтеруде 123 келіні еңсерген жас спортшы қарсыластарын шаң қаптырды.                      О. Пастухованың жұлқа көтеруден кіші күміс медальді, серпе көтеруден кіші алтынды иеленгенін айта кету керек. 96 келі салмақта сынға түскен Рахат Бекболат екі бағдарлама нәтижесінде 323 келіні көтерген болатын.  Біздің спортшы жұлқа көтеруде 144, серпе көтеруде 179 келіні бағындырды. Сонымен қатар, қарсыластарынан 21 келіні артық көтерген Сәпи Есенкелді ел абыройын асқақтатты.

Осылайша әлем чемпионатына аттанған бес спортшымыздың бесеуі де алтынмен апталды. Туымызды көкте желбіретіп, ел намысын қорғаған зілтеміршілерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

 

 

Сәйкес жаңалықтар

#САЙЛАУ2023

bairakkz

ӘЖЕЛЕР АНСАМБІЛІ ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

bairakkz

Дінмұхамед Қонаевтың 107 жылдығына орай

bairakkz