Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ҚАРИЯЛАР ШАҢҒЫ ТЕУІП ЖАРЫСТЫ

Жуырда Алатау ауылдық округінің әкімі Қуатбек  Смағұловтың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және ұлы Абайдың 175 жылдығына орайластырылып, шаңғыдан аймақтық жарыс өтті. Береке ауылындағы «Алатау» биатлон стадионындағы бұл жарысқа аталған округтің тұрғындары тайлы-таяғымен қатысып, өзара бақ сынасты. Жүздеген шаңғышының ішінен жүйрік шыққандары анықталды. Салтанатты ашылуында ауылдық округ әкімі Қуатбек Смағұлов пен аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Аманжол Нұрманов жарысқа қатысушыларға ақ тілегін білдірді.

Жарыс алаңында сап түзеген шаңғышылар жас ерекшеліктеріне қарай 6 санат бойынша бөлініп, жарыс жолына шықты. Олардың қатарында аудан мектептерінің спортсүйер мұғалімдері мен мемлекеттік қызметкерлер болды. Әсіресе, ақсамайлы зейнеткерлердің де қатарларынан кем қалмауы жарыс көрігін қыздырды. Спортты айнымас серігіне айналдырған зейнеткер, Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Талғат Дүйсенов ағамыз көш бастаса, ізінен ілескен 60-ты алқымдаған ата-апалар тізбегі де жалындаған жастарға ерекше серпіліс бергенін айрықша атау ләзім.

Ұзақты күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған шаңғышылар арнайы кубокпен, Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

Ақтауда есірткі жарнамалап жүргендер қолға түсті

bairakkz

МАРАФОНШЫ МЫРЗАХАН

bairakkz

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ

bairakkz