Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Владислав Челах шартты түрде босап шығуы мүмкін — адвокат

Фото: видеодан кадр

Владислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату ықтималдығын жоққа шығармайтынын айтты, деп хабарлайды bairak.kz.

Заңнамадағы жаңа өзгерістерге сәйкес, өмір бойына сотталғандар да шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға (УДО) өтініш бере алады.

Адвокаттың сөзінше, Челах үшін жазаны жеңілдетудің кез келген жолы маңызды.
«Оның жазасын жеңілдететін кез келген нұсқа қолайлы. Тіпті бұл УДО болса да. Себебі ол заңсыз түрде бостандықтан айырылып отыр. Ол шын мәнінде сол кездегі жағдайлардың құрбаны. Ол атылғандардың арасында тірі қалған жалғыз адам болды», – деді ол.

Сонымен қатар, қорғаушы Челахтың ісін қайта қарауға дайын екенін жеткізді.

«Менің 20 жылдық тәжірибем, қаншама қылмыстық істерді қарағаным оның бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін көрсетіп отыр. Алғаш ұстағанда-ақ ол: «Мен қылмыс жасаған жоқпын, қатысым жоқ» деді. Өрт қойылып, атыс болғанда ол шекара заставасында болмаған. Жалпы алғанда, бұл іс кезінде саясиландырылып, ҰҚК-нің бақылауында өтті. Мұны бәріңіз білесіздер», – деді Шалдықова.

 Еске салсақ, Владислав Челах 2012 жылы Арқанкерген шекара бекетіндегі 15 әскери қызметшіні өлтірді деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Сәкен Майғазиев ұлының үйленетінін әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты

bairakkz

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімова туралы жазба жариялады

bairakkz

Ашхабад-2017: Жүлдегерлер кестесі

Ришат