Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«ЖЫЛДА ДАУЫСТЫ ҮЙДЕН БЕРЕТІНМІН»: КӨЗІ КӨРМЕСЕ ДЕ САЙЛАУҒА КЕЛДІ

Қол-аяғы сап-сау бола тұрып сайлауға келмейтіндерге сын дерсіз. Үштөбе қаласындағы №137 сайлау учаскесіне жасы 70 тен ақсақал Надыр Рахматтуллин келіп, өз таңдауын жасады. 

— Мен бірінші топтағы мүгедекпін. . Биыл апаларыңды ертіп өзім келдім. Көзім көрмесе де елімізде болып жатқан жаңалықтарды күнде теледидар мен радиодан тыңдаймын. Тәуелсіз елдің болашағы үшін барлығымыз бір кісідей атсалысуымыз керек, — деді ақсақал.

Аталған учаске бойынша үйден дауыс беруге өтініш бергендер де бар.
Сайлау учаскесінің қызметкерлері үйден дауыс беремін деген жандарға арнайы барып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік тудырды.

Айта кетейік, аталған нүктеде сағат 9-ға дейін 100-ден астам адам дауыс берген.

Сәйкес жаңалықтар

«Бекзат Саттархановтың өлімі сабақ болу керек еді». Амалбек Тшанов боксшыларға ренішін білдірді

bairakkz

Қазан айында Конфедерация Кубогы өтеді

Ришат

Жамбыл облысында екі жасөспірім ұзақ жылға сотталды

bairakkz