Үштөбе қаласында таңмен таласа жұмысын бастаған №150 учаскесінде 927 сайлаушы тіркелген.
Олардың 300-ге жуығы дауыс беріп, ерекше ықылас танытып отыр. Дауыс берушілердің қатарында Хасен-оглы Хусейннің де отбасы да бар.
Тілі басқа болса да тілегі бір, елім деген Хусейн маңызды науқаннан қалмай әулетімен келіп дауыс берді. Олар болашақты өзімізден бастауымыз керек дейді.
— Бес балам мен немерелерімді алып сайлауға келдім. Бүгін бүкіл қазақстандық өз таңдауын жасап, жарқын болашаққа қадам басады деп ойлаймын. Сайлауға қатысу – болашағыңды таңдау. Саяси науқанда белсенділік танытып, еліңнің ертеңіне бейжай қарамау қажет, — деді отағасы.