Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Әлеумет

Қанша қазақстандық мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алды

Қанша қазақстандық мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың жиынтық кірістері мен шығыстарын айқындауды ескере отырып, Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің бизнес-процесін трансформациялау тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.Ә

Мемлекет басшысы биыл ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде халықты әлеуметтік қолдаудың құрылымы мен тетіктерін қайта қарауды, әлеуметтік көмектің тиімділігі мен атаулылығын арттыруды тапсырды.

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Еңбекмині мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтауда. Бұл шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеуге және т.б. сияқты негізгі шығыстардың түрлерін көздеу жоспарлануда.

Азаматтардың шығыстары туралы мәліметтерді алу үшін тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың: Өнеркәсіп және құрылыс, Цифрлық даму, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің, Ұлттық банктің және т. б. ақпараттық жүйелерінің интеграциясы қаралады.

Бүгінгі күні АӘК: табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70% — нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау; табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жастағы баланы қоса алғанда әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру; еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді көздейтінін естеріңізге сала кетейік.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада домофонды кірпішпен сындырған

bairakkz

Бишімбаев колониядан қашып кетті деген ақпарат жалған болып шықты

bairakkz

198,5 мың адам МӘСҚ-тен жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

bairakkz