Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Супермаркеттерде арзан ет сатылатын арнайы бұрыштар ашылады

Фото: istockphoto.com

25 қыркүйектен бастап еліміздің бірқатар супермаркетінде ет өнімдері нарықтағыдан төмен бағада ұсынылатын арнайы орындар жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.

Министрдің айтуынша, мұндай бастаманы ірі супермаркет желілері өздері көтеріп, әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен.
«Дүкендерде арнайы бұрыштар бөлініп, онда тікелей фермерлерден жеткізілген өнімдер сатылады. Заң бойынша үстемеақы 15%-дан аспайды», – деді Шаққалиев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзінше, тұтынушыларға мұндай «әлеуметтік бұрыштар» бұрыннан таныс. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы ұйымдастырылған сөрелерде бағалар әрқашан нарықтан төмен болған.

Шаққалиевтің айтуынша, ұйымдастыру жұмыстары 23 қыркүйекте басталып, ал 25 қыркүйектен бастап супермаркет сөрелерінде арзан ет сатылымға шығарылады.

Сәйкес жаңалықтар

«Еркені көтерген мен едім»: Асаба жігіт белгілі әнші туралы айтты

bairakkz

ҮНДІСТАНДА ҮЗДІК АТАНЫП, ҮМІТТІ АҚТАДЫ

bairakkz

Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

bairakkz